ҚАЗАҚ

lat: QAZAQ

зат. 1. Қазақстан Республикасының ежелден келе жатқан түркітілдес негізгі халқы, сол халықтың, елдің өкілі, ұлт. Ұлты қ а з а қ, абақтыдан босап шыққан көрінеді, деді Павел (Ә.Шәріпов, Қапаста.) Қ а з а ғ ы м, жерің қайда ата мекен, Қ а з а қ қ а з а қ болғалы мекен еткен (М.Дулатов, Шығ.). Кешегі шешек жарған қ а з а қ гүлі Сарғайып, бір су тимей солып жатыр (М.Жұмабаев, Шығ.). Қ а з а қ жылқыны, Құранды бірдей ұстап жүр: Құран «мұның қалай» демейді, молласы жұрт рәсіміне қарсы тұрып айтпайды (Ә.Бөкейханов, Шығ.). Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де Менің ана тілімде. Қ а з а қ болып туғаннан соң бөбегім, Қ а з а қ болып өлген жақсы түбінде (Т.Молдағалиев, Қош, көктем). // Қазаққа тән, қазаққа қатысты. Біздің қ а з а қ ғұрпында қай заттан болса да ел ішіне келген адам нәсіліне қарамай, бәрі бірдей құрметте болады, бәрі бірдей қонақ болып көрінеді ( М.Дулатов, Шығ.). Мұны көріп тұрған қазақ байларының санасы, намысы деген нәрсенің ұшқыны тамырларында бір тамшы қ а з а қ қаны болса ұяларға керек еді (М.Дулатов, Шығ.). Бұдан бұрын жазылған қ а з а қ романдарында едәуір олқылықтар байқалады (С.Қирабаев, Октябрь.). 2. тар. көне. Әміршісіне (ханға, бекк е т.б.) ренжіп не кінәлі болып, одан алшақтап шетке (өзге хандыққа, өзге жерге) шығып кеткен адам не адамдар тобы (ауыл, туыс, рулы ел). Жазыда мал іздеген қ а з а қ т ы ң Басы қайда қалмаған (Шалкиіз). Он сан ноғай ішінде Үш жүз алпыс отау қ а з ағ ы м сені тағы алдырттым («Едіге»). Сірә, XIXVI ғасырларда ноғайлы-қазақ одақтастығы кезінде ноғайлардан бөлектене бастаған ру-тайпалардың қ а з а қ деп атағандары байқалды («Тілтаным»). Менің ием Борақан Шатырын тауға көшірсін, Бізден кеткен қ а з а қ т ы ң бір қатесін кешірсін (Қарайдар мен Қызылгүл).