lat: QAZAQ FonologıaSY
А.Байтұрсынұлының негізгі фонетик. еңбектері əлемдік тілтанымда (лингвистикада) фонология теориясының туындап, тыңнан қалыптаса бастаған тұсына тура келеді. Осыған қарап ғалымның сол кездегі фонолог. еңбектерден толық хабары болды-ау деген болжам жасауға болады. Сол кездегі орыс тілтанымында фонология мен фонема теориясына қатты көңіл бөлініп, іргелі еңбектер жарық көріп жатты (Щерба, Богородицкий, т.б.). Іргедегі орыс тілтанымының жетістіктерін, олардың авторларын Байтұрсынұлының білмеуі мүмкін емес. Байтұрсынұлының фонетик. мұрасын көптен бері арнайы зерттеп келе жатқан проф. М.Жүсіпұлы «қазақ тілінің дыбыстарын А.Байтұрсынұлы фонологиялық мағыналы единицаларға» бөліп жіктегенін баса айта келіп, «...қазақ тілінің просодиялық доминантасы деп А.Байтұрсынұлы сингармонизмді түсінген...» деуі бүгінгі зерт теушілердің берген əділ бағасы болып табылады. Бертін келе орыс тілтаным зерттеушілерінің назарына ілініп, аса жоғары бағаланған тұсы – Байтұрсынұлының фонолог. шешімдері болған. Мұның негізінде А.Байтұрсынұлының «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі де жіңішке болады» деген қағидасы жатыр. Бұл жерде ғалым сөздің құрамындағы дауысты дауыссыз дыбыстардың фонолог. мəртебесін тең көріп отыр. Қазіргі қазақ (түркі) теор. фонетикасының «гармония гласных» деген жаңсақтықтан арылып келіп отырған тоқтамы да Байтұрсынұлының осы қағидасы болып табылады. Жалпы, фонетикада сөз просодикасы тілдегі дыбыстарды бүтін бір сөз етіп басын құрастырып тұратын фонетик. бірлік ретінде түсіндіріледі. Бұл – қазір дау тудырмайтын анықтама. А.Байтұрсынұлы: «Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай ды быстар бар, олар қалай сөз ішінде байласады» дейді. Ендеше «тілде қанша жəне қандай дыбыс тар бар» деген өз алдына маңызды мəселе болып табылса, олар «өзара қалай байласады» деген мəселе одан да маңызды болып табылады. Байтұрсынұлы өзінің «фонологиялық» пайымдауын төмендегідей сөздермен баяндайды: «Тіл болса, оның законы боларға керек... Қазақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс араласып кірмейді. Бұл тіліміздің законы емес пе? ...Менің бұрынғы жазған сөзім һəм осы жолғы жазған сөздерім фонетикаға тиісті сөздер. Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай дыбыстар бар, олар қалай сөз ішінде байласады. Біздің сөйлеп, қарастырып отырғанымыз қазақ фонетикасы». Қазақ тілінің сондай «законы» ретінде үндесім (сингармонизм) фонологиясын алып отыр. Байтұрсынұлы: «... 19 дыбыстың əрқайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады» дегенді қазақ сөзінің үндесім просодикасына сүйеніп айтқан. Содан келіп қазақ тілінде «43 түрлі дыбыс» бар деген қорытындыға келеді. Сөйтіп, қазақ фонологиясының бастау көзі А.Байтұрсынұлы еңбек терінде жатыр. Қазақ сөзінің просодик. бірлігі үндесім (үндестік) екенін дəлелдейтін мысалдар ғалым еңбектерінде жеткілікті. Соның бірі жұрнақтарға қатысты талдауынан көрінеді. Ол жұрнақтардың барлық айтылым (үндесім) нұсқаларын түгел тізіп жатпайды. Мыс., «-лық» жұрнағы осы топқа кіретін үндесім түрлерінің бəріне ортақ атау болып табылады. Содан əрі қарай үндесім ережесі беріледі: «Жіңішке сөздерде «лық» орнына «лік», «дық» орнына «дік», «тық» орнына «тік» болып жалғасады...». Мұның өзі – фонолог. деңгейде жасалған шешім, үндесім аллофондар тобының арасынан негізгі нұсқасын тауып, оны ортақ атау ретінде пайдаланған. Қазіргі кезде фонетика ғылымының алдында үндесім дыбыстардың қайсысын «негізгі (аллофон), қайсысын қосалқы» нұсқа деп қарау керек деген мəселе тұр. Жалпы, фонетикада тілде ең көп кездесетін түрін негізгі нұсқа ретінде қабылдайды. Əрине, үндесім құбылысына келгенде бұл ұстаным шартты амал болып табылады. Өйткені фонолог. тұрғыдан үңдесім нұсқаларының барлық түрлері тең мəртебелі. Сондықтан оның бірін жоғары, енді бірін төмен қоюға болмайды. Бірақ зерттеу амалы ретінде, сондай-ақ оқу-əдістеме тұрғысынан ең көп кездесетін түрін басты нұсқа ретінде қабылдауға болады. Байтұрсынұлы үлгісі осыны көрсетеді. Қазіргі кезде «маңдайымызға жазып қойған» 42 əріптен арыла алмай келеміз. Сонда да болса, бір сəт Байтұрсынұлы еңбегіне көз жүгіртейік: «Сіздің жазған сөзіңізден байқаймын, қазақтың тілінде неше һəм нендей дыбыстар бар екен деп, һеш уақытта ойланып қарамағансыз. Өзгелердің қазақ тіліндегі дыбыстар турасында жазғанын оқымағансыз. Дыбыс пен хəріп екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбыстарды айтамын, сіз арабтың хəріптерін алып келіп көрсетесіз... араб əліппесі қазаққа деп арнап шығарған əліппе емес, араб тіліне арнап шығарған, һəр халықтың тіліндегі дыбыстардың ішінде бөлектік болады. Бірінде бар дыбыс, бірін де жоқ болуға ықтимал». Қазіргі біз «дыбыс пен əріптің» басын ажырата алмай жүрміз. «Қазақтың өзіне тəн дыбыстары» деп 5–6 əріпті (дыбысты емес!) бөліп алып, қалған дыбыстардың да қазақ қа тəн екені санаға ұяламай келеді. Мұның себебі бертін келе қалыптасып, дəстүрге айналып кеткен əліпби жүйеміз болып отыр. Ендеше əліпби ретін бір жөнге салып алу керек екендігі көпшілікке аян. Қазақ тілінің төл дыбыстарының ақиқат құрамын түгендеп, оның жүйесін анықтап алу теор. фонетика үшін де, оқу-əдістеме бағытында да аса маңызды болып табылады. Теор. фонетика үшін маңызды болатын себебі: фонолог. жəне фонетик. дəстүр қалыптасады; қазақ тілінің өзіндік фонетик. ерекшелігі мен бірегей табиғатын еш бір қоспасыз көрсетеді; дыбыстардың жасалым, айтылым жəне естілім сипаттамасы жөнге түседі; ортақ белгілердің басы ашылады; айырым теориясын қалыптастырады. Оқу-əдістеме бағытын да маңызды болатын себебі: жасалым кестелер мен суреттер көрнекі құралға айналады; жазу сызу реформасына тиянақты негіз болады; басы артық əріп-таңбалардан арылып, əліпби құрамын ықшамдауға мүмкіндік береді; өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге фонетик. құрал болады. Қазіргі түркі фонетикасы үндесім (сингармонизм) теориясына түгелдей бет бұрды. Бұрынғыдай «гармония гласных» болып, түркі грамматикасының бір шетіне ілініп қана тұрған жоқ. Түркі тілдерін басқа тілдерден ажыратып тұратын басты типолог. белгі ретінде іргелі зерттеулерге негіз болып отыр.