зат. 1. Қазақ Республикасы; қазақ жері, қазақ елі. Поезд вагондарының есік, терезелерінен Қазақстанның шексіз, кең даласына құмарта, қызыға көз тікті (Ә.Нұршайықов, Тың астығы). Қ а з а қ с т а н! Сүйікті туған елімсің. Асық атып, доп қуып, Асыр салған жерімсің (Ж.Молдағалиев, Жыр тур.). Қ а з а қ с т а н астығын Қабыл ал, Отан анамыз! Октябрьге арнаған Сый деп мұны санаңыз (Ақын жырлары). 2. геогр. Еуразия құрлығының ортаңғы бөлігіне орналасқан, батыстан шығысқа қарай 3000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 шақырымға созылатын, қоңыржай белдеудің негізінен ортаңғы және оңтүстік ендіктерін, қиыр оңтүстігінде субтропик белдеуді қамтитын мемлекет (ҚҰЭ).