ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ АКТІЛЕРІ

lat: QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY PARLAMENTİNİŃ AKTİLERİ

Қазақстан Республикасының заңдары нысанында республиканың барлық аумағында міндетті күші бар, соның ішінде Парламенттің конституциялық, жеке қаулылары түріндегі заңнамалық парламенттік актілер.

Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Сенат пен Мәжіліс жеке сипаттағы қаулыларды қабылдайды.

Парламент пен онын Палаталары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамалық сипатқа ие емес үндеу, декларация, мәлімдеме, басқа актілерді қабылдауға құқығы бар.