Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының бірі («төменгі палата» деп те жиі айтылады). Жүз жеті депутаттан құралады. Тоқсан сегіз депутат жалпыға ортақ, тең жəне тікелей сайлау құқығы негізінде, пропорционалды жүйе бойынша (партиялық тізім бойынша) жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Жиырма бес жасқа жеткен адам Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінің депутаты бола алады. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі Парламенттің өкілеттік, заң шығарушылық жəне бақылау қызметтерін жүзеге асыруда маңызы зор. Сайлаушылардың тікелей қалауымен Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі (тұтастай алғанда, Парламентте) партиялық көпшілік қалыптасады. Бұл көпшілік Үкіметпен бірге билік тармақтарына ортақ қарекеттердің бағдарламасын əзірлеп, жүзеге асыруға жауап береді. Сөйтіп, биліктің заң шығарушы жəне атқарушы тармақтарының арасында жұмыс жөнінде келісілген ортақ стратегия ретке салынады, қабылданған шешімдер үшін ортақ жауапкершілік орын алады. Жалпыұлттық өкілдік палатасы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі Республика Президентінің елдің Премьер-Министрін тағайындауына қатысу, Парламентке енгізілген заңдарды қабылдау, бұл жобаларды қарау, Үкіметке сенімсіздік білдіру, Палаталардың бірлескен мəжілісін ұйымдастыру т.с.с. ерекше өкілеттіліктер берілген. Ұлттар арасындағы қатынастарға байланысты мүдделерді демократиялық жолмен айқындаудың ықпалды жолы Қазақстан халқы Ассамблеясы тікелей тоғыз депутат сайлауы болып есептеледі. Сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сəйкес өткізіледі. Жұмысты жүйеге келтіру үшін 21 Мəжіліс депутатынан тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобы құрылған, топтың тірегі – Қазақстан халқы Ассамблеясы сайланған 9 депутат. Бұл депутаттық топтың жұмысы Мəжілістегі саяси партиялардың фракцияларымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен, өңірлік ассамблеялармен тығыз байланыста жүргізіледі. Депутаттар мынадай аса маңызды тұжырымдамалық құжаттарды даярлау үшін нақты жұмыстар жүргізді: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы; Ұлттық бірлік доктринасы (2010 ж.); орта мерзімді болашақтаға 2020 жылғы дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының стратегиясын онан ары жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы, Этномəдени білім беру тұжырымдамасының жаңа редакциясы; Достық үйлерінің тұжырымдамасы жəне басқа актілер. Заң шығаруға бастамашылық ету конституциялық құқығын пайдаланып Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңды т.б. бірқатар заң жобаларын əзірлеу мəселесін іске қосты, 373 заң жобасын талқылау мен жетілдіруге жұмыс тобының мүшелері ретінде тікелей қатысты, көптеген заң жобаларына қатысты жұмыс топтарын басқарды. IV шақырылымдағы Мəжілістің жұмыс кезеңінде ҚХА қалаулылары 185 депутаттық сұрау жолдады, өңірлерде 900-ден аса кездесу өткізіп оған 60 мыңнан аса адам қатысты. Аталмыш депутаттық топ Республиканың Премьер-Министріне 884 хат жолдап, бірқатар маңызды мəселелердің шешімін табудың орайын келтірді. Депутаттық топ түрлі жосықтағы басқа да əр түрлі іс-шаралар – ғылыми-тəжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, өңірлерге барып өткізілген семинарлар – өткізіп отырады