Қазақстан Республикасы Парламентіндегі екі палатаның бірі («жоғарғы палата» деп те жиі аталады). Сенаттың Парламенттің өкілдік, заң шығарушы жəне бақылау қызметтерін жүзеге асыратын айрықша маңызды рөлі бар. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын əр облыстан, республикалық маңыздағы қаладан жəне Қазақстан астанасынан екі адамнан конституциялық заңмен бекітілген депутаттар құрайды. Олар дауыс берушілер алқасының жиналысында сайланады жəне дауыс берушілерге тиісті облыстардағы (республикалық маңыздағы қала мен астанадағы) барлық мəслихаттардың депутаттары жатады. Сенаторлар аймақтар мен мəслихаттардың өкілі, ал жалпы Сенат территориялық өкілдік палатасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты он бес депутатын Сенатты қоғамның ұлттық-мəдени жəне басқа да маңызды мүдделерін қорғайтын өкілеттікпен қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып Республика Президенті тағайындайды. Мұның өзі мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырудың бір тəсілі ретінде қабылданады. ҚР Конституциясына сəйкес жасы отызға толған, жоғары білімі жəне кем дегенде бес жыл еңбек өтілі бар, тиісті облыс, республикалық маңызды қаланың тұрақты тұрғыны немесе астанада кемінде үш жыл тұрған тұлға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты бола алады. Сенатта саяси партиялар фракциясы құрылмайды. Мəжілісті тарату кезеңінде заңдарды қабылдайтынын қоса алғандағы конституциялық-құқықтық мəртебесі, өкілеттігінің ерекшеліктері, сондай-ақ депутат-сенаторлардың əлеуметтік жəне кəсіптік құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Парламенттің мəслихаттармен жəне аумақтармен байланысы жөніндегі, Парламенттің саясиландырылған шешімдерді шұғыл түрде қабылдауын ескерту жөніндегі, сондай-ақ заң шығару жұмысының сапасын жоғарылату жөніндегі миссияны тиімді орындауына мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда осы жəне басқа да объективті факторлар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, жалпы алғанда қоспалаталы Парламенттің, құрылуының біртұтас көпұлтты жəне көпконфессиялы Қазақстанның мақсатына сай екендігін көрсетеді. ҚР Президенті Əкімшілігі ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫ (ор. Секретариат Ассамблея народа Казахстана Администрации Президента РК, ағыл. the secretariat of the APK ) – Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі құрамына енетін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттелетін жұмыс органы. Хатшылық меңгерушісі əрі Ассамблея төрағасының орынбасары болып та саналады. 2008 жылдың 20 қазандағы №70-IV Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңына сəйкес Ассамблея Аппараты (Хатшылық): 1. Қазақстан Республикасы Президентi Əкiмшiлiгiнiң құрамына кiретiн, қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетiн Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушiсi басқарады. 3. Сессияның, Кеңестiң шешiмдерi жəне Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 4. Аппараттың (Хатшылықтың) негiзгi функциялары: 1) Ассамблеяның қызметiн ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, оның iшiнде Ассамблеяның қызметiн сараптамалық-талдамалық жəне ақпараттық тұрғыдан қолдау; 2) елдегi этносаралық келiсiмге ықпал ететiн халықаралық, республикалық жəне облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да iс-шаралар мен акциялар өткiзу; 3) мемлекеттiк органдармен жəне ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен жəне шет елдердiң осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге жəне Ассамблеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимыл жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі №149 «Қазақстан халқы Ассамблеясы жөніндегі ереже туралы» Жарлығы Хатшылықтың мəртебесі мен өкілеттігін күшейтті. Ереженің жаңа редакциясы бойынша Хатшылықтың міндеттері: 1) Ассамблеяның, оның Төрағасының жəне Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету бойынша өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің ішкі актілерімен айқындалады. Облыстардың (республикалықмаңызыбарқаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Ассамблеяның алдында есеп бередi жəне жауапты болады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрылу тəртібі мен құқықтық мəртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. Облыстардың (республикалықмаңызыбарқаланың, астананың) ассамблеяларының жұмыс органы əкiм аппаратының құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кiретiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығы болып табылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиiстi əкiм ҚР Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының келісімімен қызметке тағайындайды жəне қызметiнен босатады. Ассамблеяның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаматамыз ету мақсатында Хатшылық қажет болған жағдайда комиссия, оның ішінде басқа мемлекетік органдармен жəне ұйымдармен бірлесе отырып, құруы мүмкін (қар. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі, Этносаралық қатынастар саласындағы Қазақстан заңнамалары, Қазақстандағы этносаясат принциптері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі).