ҚАЗЫНА

lat: QAZYNA

«бағалы зат, бұйым», «байлық сақтайтын орын, қойма». Бұл екі мағынасы да қазақ фольклорлық шығармаларында кеңінен қолданылған. Жырларда «байлық сақтайтын қойманың күзетшісі» дегенді білдіретін «қазына сақшысы», «қазына басшысы» дегенді білдіретін «қазынашы» сөздері жиі кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде «әдеби-мәдени ескерткіштер, рухани байлық», «жер қойнауындағы кен» деген ауыспалы мағыналарда да қолданылады.