ү с т. 1. Қисық, көлденең. Төсiнен қ и ғ а ш түскен, әсем бауға iлiнген, қарала күмiс сапты, сәндi сұлу қылыш бар (М.Әуезов, Абай жолы). Мәлке: “Балдысудың сарыны ғой” деп, жылқыны қ и ғ а ш айдай бастады (Т.Әлiмқұлов, Күрең өзен). Қыран өзенiнiң Қаратеректегi иiнiнен өткен соң машина қ и ғ а ш батысты бетке алып, қарлы кең жазықпен зымырап бердi (Ә.Ақбаев, Қара боран). 2. Түзу емес. Қ и ғ а ш сермеген жұп-жұмыр ақ бiлектерi аққудың қанатына ұқсайды (Ө.Қанахин, Дәмелi). Өрнектiң түрi малдың қабырғасына ұқсас, кейде таңдайланып, кейде жарыса қ и ғ а ш қатарланып келедi (С.Қасиманов, Қаз. қолөнерi). 3. а у ы с. Терiс, бұрыс, қыңыр. Сен аяғыңды әлi күнге дейiн қ и ғ а ш басасың (С.Бақбергенов, Кентау). Әнеукүнгi қырман басындағы шатақтан кейiн жұлдыздары қ и ғ а ш туып, келiсе алмай жүр деп естимiз (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 4. Жөн емес. Тасмағамбеттiң бұл қылығы елдiң салтына өрескел қ и ғ а ш едi (Б.Майлин, Шығ.). // Қитар, қыли (көз). Сөйтiп де Кенесарының қ и ғ а ш көздерi ақылдылықты көрсетедi. Былай қарағанда тiптi қатыгездiктiң еш нышаны көрiнбейдi (Ж.Қасымбаев, Кенесары хан).