ҚИҒАШТА

lat: QIǴASHTA

е т. 1. Көлденеңдеу. Ки мұның жатқан жерiнен бiр бүй өтiп, қ и ғ а ш т а п суатқа қарай төгiлiп келедi. Мiне, үйiрдiң алды суатқа да жеттi (А.Нұрманов, Құлан.). Осы кезде бұлардың қасына бөркiне қ и ғ а ш т а й қызыл мата тiккен ұзын бойлы, сары жiгiт келiп қалған едi (“Қаз. әдеб.”). Жiгiт аузынан естен жылы сөздi осынау көкжиектен қ и ғ а ш т а й көтерiлiп келе жатқан ай да, жұлдыздардың аруы сылаң етiп бәрiнен бұрын шығып, төбеде балбұлдай қалған Шолпан да қайталап тұрғандай болды (Ж.Тұрлыбаев, Телқоңыр). 2. Көлегейлеу, басу. Жағдай солай болып қалды. Солай болып қалды?! Шарипа оқты көзiмен атып, Тайшабайды аузын қ и ғ а ш т а п келемеждедi. Сумұрын, сүмелек (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). 3. Созу, жоғары тарту. “Қалалала-қалалалала-ауды” қ и ғ а ш т а п, гармонының қанатымен бiрге қисайғанда керегенiң көгiнен ұстап отырған Назкен көзiнiң жасын жаулығының ұшымен сүртiп: Беу, қарағым-ай! дедi (Т.Әлiмқұлов, Күрең өзен). 4. Бiр бұрыштау, қиғаш ету. Директор үрлеп мөрiн басып, қ и ғ а ш т а п қолын қойып бұйрық жазды (С.Адамбеков, Қожанасыр.).