ҚИҒАШТАЙ

lat: QIǴASHTAI

ү с т. 1. Көзiнiң қиығымен, төңкере қарап. Көңiлiңiз тiптi жайдары едi, дедi Тынышбала, бадырақ ала көзiн бөлмедегiлерге қ и ғ а ш т а й төңкерiп өттi (Т.Тiлеуханов, Шарапат.). 2. Көлденеңдей. ...Сырбай орақты уыстаған сабақтардың орта тұсынан салды да, өзiне қарай қ и ғ а ш т а й тартты (С.Мұқанов, Шығ.). 3. а у ы с. Қисық, қыңырлана, қырсығып. “Сен немене, Тәтем тазға жоқшы болып қ и ғ а ш т а й сөйледiң Жақсыбай ұры болғанда бiз кiм боламыз (С.Бегалин, Замана.). 4. Қиялай, шетiнен. Топырақ жұтқан байғұстар, Сапырып отыр сары қымыз, Қ и ғ а ш т а й кесiп жамбасты, Дейдi “алыңыз, алыңыз” (I.Жансүгiров, Шығ.).