ҚИ

lat: QI

з а т. 1. Малдың, аңның, құстың саңғырығы, нәжiсi; жапа, тезек. Қ и қара қи, сары қи, тезек жапа(ақ жапа, қара жапа), құмалақ, құмақ, жын, көң (қара көң, сары көң), саңғырақ, тоңғақ, ақ тоңғақ, сары тоңғақ, қара тоңғақ, дайрақ, улыжырақ, үлкен дәрет болып бөлiнедi (Ж.Бабалықұлы, Мал ауру.). 2. м а л ш а р. Қойдың қыстық қой қорада немесе төбесi ашық қорада ұзақ уақыт қамалуынан оның құмалақ, нәжiс, жапасынан пайда болатын тығыз жабынды. Және бiздiң Мамекең секiлдi ел адамы төбенiң басын, қораның бұрышын, қ и д ы ң түбiн босатпайтын әдетi ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. Малдың астынан пайда болған жабындыны ойып, кептiрiп, отқа жағатын қызуы мол отын. Ал қ и мен көкпек, әрине, ондай емес. Жалынсыз, жәймен шоқтана жанып, ұзақ қызу сақтайтын солар (Ғ.Қайырбеков, Ақ желкен). Алда, қарақтарым-ай, дедi сырттан қ и арқалап кiрген Ақлима (М.Мағауин, Ақша қар). Мұндай жараға кейде жусан қайнатындысын суытып қоятын. Қ и және сүйек майларын да жағатын (Х.Арғынбаев, Қаз этногр.).