ҚИ

lat: QI

е т. 1. Кесу, қырқу. Бiрақ қозы лақтардың қоскiндiгi не қарсы пу әдiсiн қолданудан әрi оташылардың қ и ғ а н ы әлдеқайда жеңiл педi, дейдi (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.). Екi күннен соң Тастаған батырдың оң жақ құлағының түбiнен тағы қ и д ы (М.Жұмағұлов, Қыран.). Дауылдың бергi бетке түскенi, салдың арқанын осы арада қ и ғ а н ы анық (Ә.Сараев, Тосқауыл). 2. Шабу, жару. Отынға қ и я р ағаш жоқ. Селтиген қотыр сексеуiл, Тарбиған тарғыл аршадай (I.Жансүгiров, Шығ.). 3. Қысқарту. Сарбаздар аттарын жорыққа әзiрлеп, суға шомылдырып, құйрықалдарын тарап, тұяқтарын қ и ы п, ертұрмандарын тазартып, қалқандар мен дулығаларын жалтырата ысқылап, сауыттарын жамады (Ә.Әлiмжанов, Жаушы). Сырылып болған соң сырмақтың шеттерiн тегiстеп қ и ы п, шетiне жиек бастырады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнерi). 4. а у ы с. Ою, осу. Қылшылдаған қылыштай, Қ и ы п түсер жасымыз (Н.Байғанин, Ақын жырлары). 5. Қажау. Сарайға байлай бақтырды, Төрт шам шырақ жақтырды, Мойынын шылбыр қ и я р деп, Жiбектен арқан тақтырды (Қамбар батыр).