ҚИ

lat: QI

е т. 1. Беру, аямау. Отан деген маған да, саған да Ана! Қ и менi Отаныма, алаңдама (М.Мақатаев, Шуағым менiң). Мына құлдарыңның өмiрiн қ и маған (Р.Сейсенбаев, Аңсау). Егер менiң әкем Ноғай тiрi болса, оның қалған өмiрiн маған қ и с а й ш ы (I.Есенберлин, Алтын Орда). 2. Мойынсыну, шарасыздық көрсету. Айтшы, кәне, өз қызыңды жамандыққа қ и я с ы ң ба? Сабыт Баймұқанның желкесен төне қараған (Т.Әсемқұлов, Талтүс). 3. Жiбергiсi келмеу. Әбiштi Абай қ и м а й, бiрнеше күндей қасынан жiбермей жүрдi (М.Әуезов, Абай жолы). Алдамшы мына дүниенi, Адамның көңiлi қ и с а й ш ыайлықожа, Нақыл). 4. Құрбан ету. Ғалым болмай немене, Балалықты қ и с а ң ы з. Болмасаң да ұқсап бақ, Бiр ғалымды көрсеңiз (Абай, Тол. жин.). Бiр сұлу қыз тұрыпты хан қолында, Хан да жанын қ и я д ы қыз жолында (Абай, Тол. жин.). 5. Тастау, қол үзу, бiржола айырылу, кету. 2). Туған жердi қ и я алмай, Тентектi жеңiп, тыя алмай Әлi отырмыз ұялмай (Абай, Тол. жин.). Қайратты күнiмде қазақты қ и ы п, бөтен жаққа кетпек түгiл, өзiн жақсы көрiп, үметiп жүрiппiн (Абай, Тол. жин.).