ҚИРАТУ

lat: QIRATÝ

Қират етістігінің қимыл атауы. 1. Күл-талқанын шығару, құлату, бұзу. Опырай, мына жарғы тигерлер үйді қ и р а т т а у! (С.Мұқанов, Теміртас). 2. Құлату, сұлату, атып түсіру. Баласының күз түсе қ и р а т ы п әкелген елік күдері сияқты семіз аңдарының етіне Әймен қуанып та қалған болатын (С.Бегалин, Таңд.). 3. а у ы с. Қырып-жою, қопарып істеу, бірдеме тындыру. Көпшілікке тым қатаң болып көріне берме, Жарбол қалғанда кімді қ и р а т а р дейсің, қалып-ақ қойсын, кейін көреміз дейді (Б.Майлин, Шығ.). Ашу үстінде отырып қ и р а т а т ы н кісідей үйлерін тастап жүре берді (С.Шарипов, Шығ.).