ҚИЫН

lat: QIYN

с ы н. 1. Бейнеті, машақаты көп, михнатқа толы; жеңіл емес. Біраздан соң ноғайлар жеңіп кеткен соң, оларды орыс медресесінде оқыту қ и ы н болар (“ДУГ”). Өмір деген ағыста Алу қ и ы н дос тауып (Т.Молдағалиев, Жүректегі.). Әр уақытта адам үшін жасалынатын іске қ и ы н болса да, ер көңілмен кіріскен жөн (С.Ғаббасов, Серпер). Дүниеде еркек адамға қазан көтеріп, ыстық тамақ әзірлеу-ақ қ и ы н екен (Т.Нұрмағанбетов, Тұнық су). 2. Күрделі, ауыр, қыр-сыры мол. Бұл да бір жаралыстың қ и ы н сыры, Деп едім білгендерден сыр сұрайын. Ешкім жауап бермесе бұл сөзіме, Өзімнің ой-жобамды енді айтайын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Ел күйінен ер арманын білу қ и ы н емес (І.Есенберлин, Қаһар). Ақынның жүрген жері күнде жиын, Бір ауыз білмегенге өлең қ и ы н (Айтыс). 3. Оңайшылықпен бола қоймайтын, оңай емес. Алыптан алып болып тумаған соң, Адам болып жүру де қ и ы н екен... (М.Мақатаев, Дариға жүрек). Ал кетерде... Сезімге ауыр тиер қ и ы н бұл, Ұмытпассыңөзің де Баласын бір сүюді (Ж.Нәжімеденов, Мен.). 4. ж е р г. Жайсыз, жағымсыз, жаман, нашар. Бұрын Мақсұт елді қ и ы н билеген екен. Қ и ы н адам көрінеді. Бұрын кім білген, Құдай сақтағыр, өзі бір қ и ы н адам екен (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).