ҚИЫН

lat: QIYN

1. (Алм.: Нар., Кег., Шел.; Сем.: Абай, Шүб., Көкп., Ақс.; Тау., Қош.; МХР) өте, аса, тым, тіпті.

Мен ол кісіні қиын жақсы көруші едім (Сем., Абай).

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы қиын жақсы кітап (Алм,, Кег.).

Мына кісі қиын жаман болды-ау (Тау., Қош.).

Екеуіне айналып жатқанында, Құтылды бір құлымен патша қашып. Мінгені патшаның қиын мықты, Жаны қалып аллаға шүкір қыпты (Ақыт, 47).

Қиын алыс жер екен (МХР). Маған бұл қиын ұнады (МХР).

2. (Сем.: Ақс., Көкп.) мықты, күшті.

Ол үйдің сырасы аса қиын екен (Сем., Көкп.).

3. (Алм., Кег.; Сем., Үрж.) жақсы. Домбыраны ол қиын тартады (Алм., Кег.).

4. (Алм., Кег.; Шыг. Қаз., Болын.) жаман, нашар. Бұрын Мақсұт елді қиын билеген екен (Алм., Кег.).

5. (МХР) жайсыз, жағымсыз. Қиын адам көрінеді (МХР).

6. (Алм., Кег.) каттыҚиын күлді (Алм., Кег.).

7. (Шығ. Қаз., Больш.; Тау., Қош.) көп. Былтыр осы маңда қиын  марал болды (Шығ. Қаз., Больш.).

8. (Жамб., Жам.) білгіш, тапқыр.