ҚИЫНДА

lat: QIYNDA

е т. 1. Қиындық молая түсу, бөгет, кедергі көбею. Ферғана тауын өрлеген сайын ауа тарылып, дем алудың өзі қ и ы н д а й берді (А.Тоқмағамбетов, Әке.). Күнұзақ уақыт 34-36 градус ыстық болып тұрғанда адам организміндегі зат алмасу процесі қ и ы н д а й түседі (“Білім және еңбек”). 2. Күрделену, ауырлау, оңайлықпен істелмеу. Қазіргі жастарды түсінудің өзі де қ и ы н д а п барады-ау, “бәрін өзім білем” деп іштен жетіліп туған бір жандар (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Мидың өркендеуінен қол онан да әрі шеберлене берді, еңбектің түрі қ и ы н д а й берді (А.Машанов, Жер асты.). 3. Нашарлау, әлсіреу, мардымсыздану. Мен сендердің ісіңе араласпаймын ғой; бірақ бір сойқанның боларын ішім сезеді, деген ол, Сырдекеңмен араларың қ и ы н д а п бара ма, қалай? (Т.Ахтанов, Дала сыры). Не дейсіз? деп атып тұрдым. Аурудың басында адам отырса, халінің қ и ы н д а ғ а н ы (Т.Иманбеков, Үш ай.). Көрші болсақ та көрісуіміз қ и ы н д а п кетті-ау, Шырайжан?! (Д.Досжанов, Тұлпар.).