з а т. з о о л. <лат. ammon ovis aries> 1. Күйіс қайыратын ашатұяқты төрт түлік мал. Қойшылар көріп, күлісіп, Ұстап алды қарғаны. Құрысын да, шіркіннің, Семіз қ о й д ы алғаны (Абай, Тол. жин.). Халыққа, жастар, басшы бол! Қараңғыда жетектеп. Терең судан өтер ме, Мың қ о й д ы серке бастамай (М.Дулатов, Шығ.). Ат, айғыр айдаушы еді, атан алып, Мата мен қайтуші еді шапан алып. Қонаққа қ о й орнына тайын сойып, Деуші еді: “Пәлен мырза атаналық!..” (Кердері Әбубәкір, Шығ.). 2. Арқар тәріздес, тығыз жүнді, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жануар. Қ о й тұқымы биязы жүнді, биязылау жүнді, қылшық жүнді, қылшықтылау жүнді болып бөлінеді (ҚСЭ).