дәстүрлі көшпелі ортада кең таралған төрт түліктің бірі. Қой – жыл он екі ай жайылымда бағылатын, ауа райының қолайсыз жағдайларына көнбіс түлік. Қойдың осындай қасиетіне байланысты шөл, шөлейт және таулы өңірлерде қой өсірумен басқа мал шаруашылығының ешқайсысы да теңесе алмайды. Өйткені 600-дей шөптің түрін жейтін қой малы табиғи жайылымдарды қысы-жазы барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, байырғы қазақ тұрмысында қой ең көп өсірілетін түлік болды.