з а т. 1. Өндірістік тауарлар мен материалдарды, ауылшаруашылық өнімдерін т.б. сақтауға арналған орын. Жартылай жабық қ о й м а л а р д а әртүрлі құрылыс материалдары, кокс т.б. заттар, ал арнаулы қ о й м а л а р д а сұйық, сусымалы және қопарылғыш т.б. заттар сақталады (ҚСЭ). Музей қ о й м а с ы н а енгелі айдан асқан. Әуелге қызық көрінгенмен, жұмыс та қажыта бастаған (М.Мағауин, Көк кептер). Бұл экспедицияда жұмыс істеп келе жатқаныма биыл төртінші жыл, – деді мұрнының ұшы арақты көп ішкендіктен қызыл күреңденіп кеткен қ о й м а бастығы (І.Есенберлин, Маңғыстау.). 2. а у ы с. Бір нәрсенің өте көп, мол сақталған жері, қор. Бұл қ о й м а л а р д а жиналатын судың одан кейінгі бағыты – бірінші нұсқадағы алып су қоймасының Аралға қарай кетер жолы болмақ (Қ.Исабаев, Көгілдір.). Евфрат пен Тигр өзендерінің төменгі жағында т.б. құстардың қыстайтын жерлерінде қаз қонып, үйрек ұшатын су қ о й м а л а р ы н, көлдерін, өзендерін, адам баласы өз қорегіне жаратып, жылма-жыл азайтып, тарылтып келе жатыр (Р.Әлімбаев,.. Құстар.). Бүкіл жер байлығы: кен қ о й м а с ы, егіндік, шабындық, өзен, көл, дала, тау дегендерің – бәрі жалшы мен жарлыныкі (М.Жұмағұлов, Қыран.). 3. а у ы с. Жиналған қымбат дүние, қазына байлық. Көмулі жатқан қ о й м а бар тәрізді. Сіздің қолға ілікпеген сол қазына, мүмкін менің қолыма ілігер (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Көбінесе халық күйзелісі, шапқыншылық, халық көтерілісі т.б. уақиғалар кезінде бағалы заттарды қ о й м а ғ а жасырған (ҚСЭ). 4. а у ы с. Құпия, бүкпе, жасырын сыр. Көптен тату қимасың, Басыңа жұмыс түскен күн, Татулықты бұрынғы, Не қылып ол ойласын. Ашып берер жауыңа Өзі көрген қ о й м а с ы н (Абай, Тол. жин.). Осы қазір құпия толы қ о й м а м д ы ашып-жайып алардай елегізуім не? Ақбілекті іздеймін бе? (С.Сматаев, Ақжелең).