з а т. 1. Жан-жағы биік тау немесе қырат, жоталармен қоршалған жазық алқап. Қусырып қ о й н а у ғ а әкеп шексіз мені, Көп дұспан өткелден тар өткізбеді Сарғайдым жалынында жапалықтың, Сағымдай шалғайлы үміт жеткізбеді (Т.Әлімқұлов, Боз жорға). Жанұзақтың қыстауына қарай жүргенде, машина да жүрдек болып кетті ме, қалай, бұлар әне-міне дегенше, бүкіл бір қ о й н а у д ы алып жатқан қойлы ауылдың үстінен бір ақ шықты (Қ.Жұмаділов, Саржайлау). Қара мақпал қ о й н а у л а р көктемде де Саған ұқсап жатады қарауытып (Т.Айбергенов, Құм. мұнара.). 2. Теңіз, көл қоймасының құрлыққа ілгерілей еніп жатқан, дауыл мен толқын болмайтын шағын бөлігі. Қ о й н а у д ы ң гидрологиялық сипаты негізгі су айдыны табиғатынан өзгешелеу болады (ҚСЭ). 3. а у ы с. Бір нәрсенің іші, ортасы. Жатса ұйықтай алмайды, көз алдында тау қ о й н а у ы н д а ғ ы қыстауы қарауытады (К.Сегізбаев, Ашыл. сыр). Ал қаланың қарасы үзіліп, бетегелі тау қ о й н а у ы н а кірген кезде ол ыңырси өлең айтуға да кіріскен (І.Есенберлин, Қатерлі өткел). Күннің ішкі қ о й н а у л а р ы н д а, өте жоғары қысымда және температурада болатын сутегінің, үздіксіз гелийге айналу реакциясының нәтижесінде, Күн энергиясы ұдайы толықтырылып тұрады(М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.). 4. а у ы с. Бір нәрсенің қойны, құшағы. Мұнда Қазақстанның жер қ о й н а у ы н ы ң байлығының зор екендігі соншалық, оның практикалық мүмкіншіліктерін ашып жеткізу үшін әлі де көптеген жылдар бойы геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу керек болады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Біздің шауып жатқан жеріміз Жайық жағасындағы орманның қ о й н а у-қ о й н а у л а р ы болатын (“Қаз. әдеб.”). Жер қ о й н а у ы н д а ғ ы алтын, күмісті ақтара жүріп, асыл өлеңдер жазсам деп ойладым (Ә.Нұршайықов, Автопортрет).