з а т. ө н е р. 1. Театр, теледидарларда көрсетілетін спектакль, ойын-сауық т.б. көріністер. Рас, спектакльдің бастапқы қ о й ы л ы м д а р ы н д а ғ ы бұл жағдайларға кейін көңіл бөлініп, біраз жөнделеді (Ф.Оразаев, Жастық шақ.). Ол творчестволық табыс жекелеген актерлердің үздік орындаушылық өнерімен бірге қ о й ы л ы м н ы ң режиссурасынан туындайды (Б.Құндақбаев, Шығ.). Әрбір спектакльдік қ о й ы л ы м д а оның көрерменді қызықтырар қуатын аша білу творчестволық бірліктің басты мақсаты (“Қаз. әдеб.”). 2. Көрмеде қойылатын заттарды реттеп орналастыру. Ш.Қожақанов қазақтың халықтық музыкалық аспаптар музейінің қ о й ы л ы м д а р ы н жобалаушы автор болып, музейдегі көркемдік шешім үйлесімдігімен көп ықыласына бөленді (“Білім және еңбек”).