з а т. к ө н е. Көшпелілер арасында жасақ, қосын, лек, әскер ұғымдарында қолданылған дәстүрлі әскери атау. Ескендір қ о л ы н а айтты: “Бұл не еткен су? Бәрің де ішіп бұл суға бетіңді жу!” Бір бай елден осы су шыққан шығар, Өрлеп барып, үстіне тігелік ту (Абай, Тол. жин.). Қас нояндай қасқарған қараңғы меңіреу түндерде Сансыз қ о л д ы басқарған (Ер Едіге). Біз Өтемістен туған он едік Сол онымыз жүргенде Мың сан әскер қ о л едік (Махамбет, Өлеңд.). Тегіс сойыл, найза, айбалта, шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қ о л (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Шыңғыстың қ о л ы қатты апатқа ұшырапты (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).