ҚОЛ

lat: QOL

қазақ әскеріндегі ең үлкен негізгі тактикалық әскери құрылым. Көшпелі әскерінің ішінде жекелеген рулар құрап шығаратын, майданда өзі жеке әрекет ете алатын ірі әскери құрама. Жеке жауынгерлік құрамы 1000-10000 жауынгерге дейін жеткен. Әр рудың қолының жеке өзінің әскери туы болды да, қолды рубасы басқарды. Құрылымы жағынан қол әртүрлі әскери қызметтерді атқаратын әртүрлі бірнеше әскери қосындардан және бөліктерден тұрды. Қол негізгі және үлкен әскери құрама ретінде соғыс кезінде майданда құрылатын әскердің ұрыс шебінің жеке элементін де құрады. Мысалы, көшпелі түркі-монғол халықтарының әскери құрылымында және соғыс кезінде құрылатын ұрыс шебінде бірнеше қосындардан тұратын сол қанат және оң қанат әскері сол қол және оң қол деп аталған.