ҚОЛА

lat: QOLA

з а т. к е н. 1.ранц. bronze> Мыс пен басқа элементтердің (қалайы, алюминий, никель, бериллий, қорғасын, магний, кадмий, марганец, т.б.) қосылған қорытпасынан алынған металл. Қ о л а н ы машина жасауда, электротехникада және т.б. салаларда пайдаланады (Қаз. тілі термин. Кен.). Қорғасыннан басқа бытыра орнына кейбіреулер темір, шойын, қ о л а, қалайы, тас салып та оқтайды (Ш.Айманов, Қыран). Көбіне жез бен қ о л а д а н, ағаштан жасаған қолөнер ескерткіштер бар (Т.Ахтанов, Үндістан.). 2. Бағалы саналатын әртүрлі бұйымдар, тұрмысқа қажетті жасауда қолданылатын қорықтық зат, шикізат. Мұндай жерлерден халық алтын, күміс, мыс, қ о л а, қорғасын тәрізді асыл заттар алған (С.Бақбергенов, Кентау). Осы иеліктен табылған қытай керамикасы, иранның аспалы шамы (қоңырқай-алтын түсті бояумен қапталған керамика) мен әйнек, ортаазиялық қ о л а бұл жерде аса қымбат шетелдік тауарлар сатып алуға мүмкіндігі жетерлік ауқатты адамның тұрғанын дәлелдейді (“Парасат”). Табанын тасқа құлдар тіле жүре, Жүз тонна қ о л а әкелген бір өзіне Металдан жаралғасын еттен емес, Салмақты көрінеді мінезі де (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). 3. Халықтың түсінігінде сапасы, бағасы жағынан алтын мен күмістен кейін тұратын металл. Алтын да алтын, мыс та алтын, қ о л а да алтын, Көңілмен толтырылғанмен, бола ма алтын? Жақсының бір мінезі осындайда, Жүзіктей қолға салған оралатын (Ә.Найманбаев, Шығ.). // Беделі төмен, асылдарға жете алмайтын. Жұрттығының азғаны Шіреніп бәрі жатқаны. Туыстығы бар еді, Бөлекбай, Омар, Жүніс те. Осылар да қ о л а екен, Балаушы едік күміске “Бауырымдауға” жарамай, Топырақты өлім бұл іске (Ә.Найманбаев, Шығ.). // Қоладан жасалған. Сақтар қ о л а айнаның (фетишизм) магиялық (көзбояушылық) қасиеттеріне сенген. Магия кезінде әлемге кең тараған наным. Ол мәдениет пен рухани даму төменгі сатыда тұрған кезде қалыптасқан кез келген діннің анимизм, тотемизм, шаманизм, фетишизм түріндегі қарапайым сенімдерінен бастау алады да, бүгінгіәлемге кең тараған буддизм, христиан, ислам, индуизм сияқты ірі діни ағымдардың құрамдас бөлігіне айналады (“Парасат”). 4. с п о р т. Жарыста үшінші орын иеленген спортшыға берілетін медаль. Осы жарыста қ о л а н ы екі елдің спортшысы бөлісті (“Жас Алаш”).