ҚОЛА

lat: QOLA

мыс пен қалайының қосындысының қорытпасынан алынатын металл. Ертеде қоланы кәдеге жаратып, пайдалана бастау (б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з. 1-мыңжылдық), адамзат қоғамының дамуында маңызды орын алды. Қоланы түрлі қалыпқа құю, қақтау, соғу және дәнекерлеу тәсілдері арқылы орақ, шалғы, жоңғыш, қырғыш, тескіш және балта сияқты еңбек құралдарын жасауға пайдаланды. Дәстүрлі қазақы ортада қоладан ат әбзелінің бөліктері ауыздық пен үзеңгі, тұрмыстық бұйым қазан сияқты ыдыс дайындалды. Сонымен қатар, айна, жүзік, сақина, білезік, қапсырма, шытыра сияқты зергерлік бұйымдар да жасады.                                                                                                                                                                              Қоладан жасалған ат әбзелдері жеңіл, әрі берік болып келетіндігімен ерекшеленеді. Ондай әбзелдер тек күнделікті тұтынатын бұйымдар қатарына ғана жатады.