з а т. 1. Ыңғайлылық, жағдайлылық, тиімділік, икемділік. Мұның горизонттарынан кеңдік, қауіпсіздік, жұмыс істеуге қ о л а й л ы л ы қ байқалады (Ж.Еділбаев, Түркістан). Бұл жер өзінің табиғи сұлулығымен ғана емес, шаруаға қ о л а й л ы л ы ғ ы м е н де көзге бірден түседі (“Білім және еңбек”). Демек, біз олардың әлеуметтік жағдайларына, өмір сүрулеріне қ о л а й л ы л ы қ туғызып бере алмағанымыз ғой (“Жас Алаш”). 2. Қоңыржайлық, жайлылық. Ауа райының қ о л а й л ы л ы ғ ы адамға да, малға да, құсқа да, бәріне де жайлы боп тұр ғой (Б.Тоқтаров, Қыран.).