ҚОЛХАТ

lat: QOLHAT

1. Бір нәрсені алгандыгын жазбаша түрде растап, қол қойган қағаз.

Генерал-губернатор ақындардан бұралқы сөз - бұзақы жыр айтпасқа қолхат алып жатыр (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

Сұлтанмахмұт қалтасынан қағаз суырып алып, каталашканың есігіне төсеп қолхат жазды (Д.Әбілев, Баянауыл.).

2. заң. Заңды немесе жеке тұлганың қолымен қуатталған және бұл тұлғаның басқа тұлғадан ақша, тауар, материалдық құндылыөқар, заттар т.б. алғанын және оны қайтаруға міндеттенетінін куәландыратын құжат.

Қылмыстық іс жүргізу құқығында қолхат - анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты не уақытша тұратын жерінен кетпеу, сотта істі тергеуге және қорғауға кедергі келтірмеу, белгіленген мерзімде қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша келу жөнінде сезіктінің, айыптаушының немесе оған кепілдік беретін басқа адамдардың жазбаша міндеттемесі (ҚҰЭ).