Қолхат берген адамның қолы койылған және осы адамның басқа адамнан ақша, заттай материалдық құндылықтар алғанын және оларды қайтаруға міндеттенетінін жазбаша нысанда куәландыратын құжат. Тиісінше ресімделген және нотариалдық жолмен расталған қолхат құндылықтың табысталғанын айғақтайтын дәлелдемелердің бірі болып табылады, бірақ олардың талап етілуі үшін әрқашан да бірдей жеткілікті негіз болып табылмайды.