lat: QOLTYRMASH
зат. Арқаға көтерген жүк (отын, қурай т.б.) бұлтақтап қозғалмас үшін, оны көлденеңінен бастырып қоятын жіп.
Тек арқалатып жіберсеңдер болды, мынау қолтырмашым қысқа боп, қолтығыма батқаны (Қ.Ысқақов, Бұқтырма.).
Көшпелі казактар ішкі-сырткы киімдерінің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп ыкшамдап тіккен. Киімнің колтык тұсы кең болу үшін қолтырмаш, етігі кең болу үшін бүйірден шабу койған (С.Мұканов, Қазак кауымы).