ҚОНАҚ

lat: QONAQ

зат. 1 . Жолаушылап бара жатып, біреудің үйіне қонуға түскен бейтаныс адам.

Төрлет, жігіт, төрлет. Атаң қазақ қонақтан қашатын ба еді, төрлет (4,229).

2 . Үйге арнайы шақырылған сыйлы адам (дар). Ботам-ау, әлгі Асанжан кешікті ғой. Қонақтарың келер уақыт болмады ма? (4,203). Қонақтар кіреді, арасында Қасымның жұбайы Бибіш те бар (4,204).

3 . ауыс. филос. «Әрбір адам өмірге мәңгілік емес (тұрақты емес)» д.м . Бұп-бұлтық өкшеңменен тебінесің, Ұмтыласың, шалқалап шегінесің. Баданадай көздерің бақырайып, Ей, өмірдің қонағы , не білесің? (1,142).