lat: QONDYRÝ
Қондыр етістігінің қимыл атауы.
1. Құсты қонақтату, отырғызу, қолда ұстау.
2. Орналастыру, жайластыру.
Қырдағы малшылардың бала-шағасын суыққа тоңдырa бермей, ауылға көшіріп, жылы орынға қондыру қажет болар (А.Жақсыбаев, Қайырлы жаз).
3. Орнату, салдыру, қойғызу.
Есікті қ о н д ы р у .
4. м е д. Адам ағзасындағы мүшелерді бір адамнан екінші адамның денесіне ауыстыру не қайта орнына салу.
Әрине бір органды хайуанаттан адамға, адамнан екінші адамға көшіріп, қондыру жөнінде ғылым тәжірибесіз емес (Е.Оразақов, Қайта соқ.).
Академик Филатовтың есебі бойынша, дүниежүзінде қарашықты қайта қондыру операциясын жасауды қажет ететін 5 миллионнан артық ауру адам бар екен (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).
Бір адамның өкпесін екінші адамға қондыру сияқты тәжірибе операциялары жасалына бастады (М.Сисекенов, Өкпе ауру.).