ҚОНДЫРҒЫ

lat: QONDYRǴY

з а т. т е х. Арнайы орнатылған техникалық механизм, құрал-жабдық, прибор.

Ауа райы бұзылып тұрса да, арнаулы қондырғылар самолеттің өткенін білмей қоймайды (К.Тоқаев, Түнде.).

Үңгір-бөлменің іші, шынында да, адам жатуға лайықталып жасалған. Қабырғаның оң жағында кісі сиярлық кішкене нар текпішек бар. Нар текпішектің бас жағында шырақ қоятын шағын қондырғы тұр (Д.Досжанов, Құм жұтқан.).

Ол міне, Маңғыстау қойнауының сырын ашуға арналған бұрғылау қондырғысына үңіле қарап тұр (С.Еркебаев, Жолдар.).