ҚОРҒАНУ

lat: QORǴANÝ

Қорған етістігінің қимыл атауы; өзін қорғау, сақтану.

Өзін сақтау, қауіптен қорғану адам өмірінің заңы. Оны еш ерлік бұза алмайды (I.Омаров, Шабыт.).

Ол кезде қазіргідей қаланың айналасы ашық болмаған. Жаугершіліктен қорғану мақсатымен халық қаланың сыртын қорғанмен қоршаған (Ж.Еділбаев, Түркістан).

Адамның арғы тегі осы құралдарды күн көру үшін аң аулау және жауынан қорғану үшін пайдаланатын болды. Құрал жасаумен бірге шын мәнісіндегі еңбек ету басталды (Қ.Жарықбаев, Психология).