ҚОРҒАНУШЫ

lat: QORǴANÝSHY

з а т. 1. Жау шабуылынан қорғану үшін қарсы соғысушы.

Моңғол әскерлері қалаға жеті күн бойы шабуыл жасады. Бірақ қорғанушылардың қаншама табан тіресе қарсыласқанына қарамастан қала талқандалды (ҚазССР тарихы).

Біздікі жай барлау есебінде. Біз жаудың бір қанатындағы қорғанушы әскерін жою жұмысын ғана жүргіздік (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

2. Өзін қорғаушы, өзін-өзі сақтаушы .