ҚОРҒАН

lat: QORǴAN

зат. 1. Қаланы жаудан қорғау үшін арнайы жасалған бекініс, қамал.

Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны ,

(Бәрімізге белгілі ғой ол жағы).

Қайтер дейсің қара бастың толғағы,

Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны (3,253).

Күшейтетін қоршауды, алмақ болып қорғанды ,

Қабырғаның іргесінен қазатұғын орларды,

Мына жер де дәл солай елестетер сол маңды (5,83).

2 .Арқа тұтар тірек, таяныш, пана.

Кімге керек шырылдап жылағаным,

Сардала сағымымен бір ағамын.

Еске түсіп әкемнің өлгендігі,

Сезіндім қорғанымның құлағанын (1,262).

Күрсініп ек, жан аға,

Сен жоқ деген сөзді естіп.

Жылдар салып араға,

Ақыры біз кездестік.

Сендей қорған панаға,

Зәру болған кезде өстік,

Ақыры біз кездестік (3,60).