ҚОРҒАН

lat: QORǴAN

ет. 1 . Өзін қорғау, сақтау .

Аранын ашқан шақта қанды ауыздар,

Қорғанып аттың ба әлде жалмауыздан?!

Білмеймін, қайтып адам өлтіре алдың,

Үйіңде көрмеп едің мал бауыздап?! (1,238).

Деп бір кетсін әзірге Маржанымыз,

Ортасында үш қыздың ардағымыз.

Маржан күлсе, күлкі боп жан-жағыңыз,

Алмағайып долданып, ашуланса,

Үн шығармай, амал не, қорғаныңыз (3,64).

2 . ауыс. Жасқаншақтау, имену, сескену.

Қымсынады қыз Шолпан, қиылады,

қыран көздер қорғанып , бұйығады.

Ай сырғасы қалтырап дір-дір етіп,

Қаны келіп бетіне құйылады (2,330).