кілем, қоржын, керме, қаршын сияқты тоқыма бұйымдардың, сондай-ақ, сырмақ, текеметтердің жиегіндегі жалпақтау келген жолақтың атауы. Аталмыш бұйымдардың қорғанына терілген немесе бастырылған ою- өрнектердің түсі мен түрі көліндегі ою-өрнектерге үйлесімді болып келеді. Әдетте, онда көгеріс немесе геометриялық болмаса зооморфтық стилдегі ою-өрнектер желісін үзбей айналдырыла салынады.