lat: QORǴAN
бейіт (зират, қорым) айналасын мал аяғынан сақтау үшін әртүрлі пішінде көбінесе шикі кірпіштен тұрғызылған қоршау. Қайтыс болғандар ерте кезде бұндай қорғандарға ағайын-туыстық, рулық жақындық бойынша жерленген. Қорған соғудың негізі тек «қоршаулық» қана емес, ағайын адамдардың өмірден өткеннен кейін де бірге жатсақ деген ниетінен туындаса керек. Ал қазіргі кезде қабір басына жеке қоршаулар тұрғызылғандықтан, бұрынғы кездегідей қорғандар көп кездеспейді.