lat: QORǴANYS
з а т. 1. Қорғану ісі, қорғану бағытында жүргізілетін жұмыс.
Бет ашылды ғой. Есіңде болсын, батыр, қолынан келсе губернатор елге қарулы отряд шығаруы мүмкін. Жақсы қорғаныс керек (А.Нұрқанов, Дала қыраны).
Әттең, айқайлағанға не жетсін, үндемеудің осыншама мықты қорғаныс екенін Жұмабек осы жолы сезді. Нағыз алынбайтын, бұзылмайтын қамал екен (Б.Тілегенов, Уақыт).
Ауылшаруашылығын өрге бастыру мен елдің қорғанысын нығайтуда химияның маңызы өте зор («Лен. жас»).
2. Жау күшіне тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығу мақсатында жүргізілетін ұрыс.
Қорғаныс – ұрыстың бір түрі. Шабуылға шыққан жаудың басым күшіне тойтарыс беру, оны көп шығынға ұшырату, өздері орналасқан қорғаныс шебін қолдан шығармау, сөйтіп өздерінің батыл түрде қарсы шабуылға шығуына жағдай жасау (Ө.Қанахин, Өз ақылы.).
Мырзағалилардың полкі жағалай қорғаныс ұрыстарын жүргізіп, жауды үлкен шығынға ұшыратты (С.Мәуленов, Шыңда.).
Біздің әскер бөлім шеп құрып,қорғанысқa шыққан екен (А.Лекеров, Түз гүлі).
3. Қорғанатын жер, бекініс.
Жаяу әскерлер дұшпан қорғанысының бірінші шебіне жете берген шақта, артиллерия атысты екінші шепке аударды (С.Сейітов, Сөз сұра.).
Жауынгерлерді топ-топқа бөліп, деревняның бір шетінен қорғаныс істеуге орындар белгілеп жүрміз (Б.Момышұлы, Майдан).
Әскерлер қалың орманның күнбатыс жие- гіндегі ұзын дөңеске қорғаныс жасауға кірісті (Ә.Шәріпов, Партизан.).