lat: QORǴANYSH
з а т. 1. Қорғап, сақтап қалатын нәрсе.
Егер ол маңда табиғи қорғаныш болмаса, айналасына орман алқаптарын отырғызған жөн (М.Ахметов, Егін қорға.).
2. Қамын ойлаушы, қамқоршы; таяныш, сүйеніш.
Ұлы ақындар халық басына күн туған ауыр асулар жолында дүниеге келеді де, сол халықтың сөзін сөйлеп, қорғанышы болады («Мәдениет және тұрмыс»).
Есейген сайын әр нәрсені бір ойлайды; көбіне ол қорғанышы жоқ қарт ата-анасын аяп, қашан ұйқыға кеткенше үнсіз жатып жас төгетін (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).
Меніңше, бой жеткен қыздың бір қорғанышы сол “тәкаппарлық” болуы керек. Тәкаппар болмасаң кім көрінгеннің қол жаулығы болып кетуің де оп-оңай (Ә.Сатыбалдиев, Ақмарал).