lat: QORǴANYSHTYQ
с ы н. Қорғаныш боларлық, қорғап сақтарлық.
Сөйтіп, лимфоциттер нейтрофильдермен бірге қандағы қорғаныштық қызмет атқаратын клеткалардың қатарына жатады (Қ.Нұғматжанов, Гистология.).
Жамбастың қорғаныштық және тіректік қызметіне байланысты сүйектерінің пішіні қисайып бұралған сияқты жуан келеді және жамбас сүйектерінің қозғалмайтын байланысы да сол қызметіне байланысты болады (Адам анатом.).