ҚОРА

lat: QORA

з а т. 1. Қабырғалары ағаш, қамыс не саманнан қаланып, төбесі жабылған, мал қамауға арналған орын, жай.

Бір күні таңертең көршісі Қожаның есегін сұрап келеді. Барып өзінен сұрап келейін, көнсе берейін, деп Қожа қорасына кіріп кетеді (Қожанасыр.).

Түйе боздап, қой қоздап қорада шу, Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып бұлаңдап ағады су (Абай, Тол. жин.).

Қорамда сан жетпейтін малым бар. Сандығымда сан жетпейтін алтын бар (М.Дулатов, Шығ.).

Осы үйде ол үйдің төменгі жағын ала салынған жылқы қорасына көз жіберді. Бірақ күні кеше ғана жер бетін бүркеп тастаған үрпек қардан сарайдың керегелері ғана қарайып көрінді (И.Есқаров, Тосқауыл).

2. Есік алдындағы төңірегі қоршалған ашық жер, аула.

Он бес минуттан кейін машина көрші үйдің қорасына еніп кетті (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Мамырбай ақсақал бұлақтан өтіп, қораның ығындағы тармақ діңгекке таман келе жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.).

3. Ауылдағы қой жататын ашық жер, қотан.

Жаздыгүні қойды қораға иіредіазақ тілі. аймақ. сөздігі).