lat: QOREKTENDİRÝ
Қоректендір етістігінің қимыл атауы.
1. Құс, жануарлардың балапан, төлдеріне азық тауып беріп, тамақтандыруы.
Құстар өздерінің ұяларындағы балапандарын қоректендіру үшін сыртқа күніне бірнеше жүз рет шығып, қайтып өз ұяларын жаңылмай тауып алады (Р.Әлімбаев,.. Құстар.).
2. Қолдан, үстеме қуат көзін беру, қажетті қоректік заттарды толықтыру.
«Алматы» совхозында помидорды тыңайтқыштармен қоректендірудің тиімді әдістері пайда болды (Е.Жәкенов, Тұғырлас.).
Үйде өсірілетін өсімдіктің барлығы да үстеп қоректендіруді қажет етеді (С.Турдиев, Үй өсімдік.).
Жаз айларында екі бағытта салынған культивация, үстеп қоректендіру, ызалатып суару, қозалардың түп саны түгел плантацияны күн санап құлпыртты (Ақ бидай).
Қазына ауданда күрішті бірінші болып самолетпен себуді, егістікті үстеп қоректендіруді қолға алды (Бал дәурен).