lat: QORLANÝ
Қорлан етістігінің қимыл атауы.
1. Ар көру, намысы келу, ызалану.
Жіберген жоқшылары қайтып осындай хабар әкелген соң, Жарасбай түні бойы күйіп, қорланудан тыныштық алалмады (М.Әуезов, Қараш.).
Жүрегім лүпілдеп қоя берді, әлгііштей қорлануым мен налуым кәрінің ұйқысындай быт-шыт болды (Д.Исабеков, Тіршілік).
Мүмкін арқа күйігінен қорлану күйігі уыттырақ болған шығар (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
Аш өзегі үзіліп бара жатса да сұғынып жалақтау, өзіндей бала, не ересек біреудің қолындағы тамақты көріп, сілекейі шұбыру немесе оның үстіндегі киімге қарап қорлану дегендер Сейітке жат еді (Р.Райымқұлов, Бала жігіт).
2. Аяқасты етілу, қадірі кему.
О, табиғат, әдемілікті қорлану үшін, мазақталу үшін берген бе едің (Ә.Сәрсенбаев, Жауынгер).
Адам дегеннің, халық дегеннің сонша қорлануына, соған төзіп жойылып кетпеуіне таңданасың (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).