ҚОРЛАН

lat: QORLAN

е т. 1. Мол етіп қор жиып алу, баю.

Гвинея, Сенегал, Нигерия, оңтүстік Африка елдерінде көне мәдениеттің мол мұрасымен бірге қорланып келе жатқан жаңа мәдениет барлығы айқын көрінеді (Ғ.Мүсірепов, Достық.).

Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы (Психология).

2. Сомдалу, ірілену.

Етжеңді, бет пішіні мол, сақа тартқан сарқарын әйел шалбар, етік кигеннен бері тұлғасы бұрынғыдан да қорланып, еркек бітімденгенмен, жүріс- тұрысында әйел затына тән майдалық бар (Ә.Сараев, Ақ тымық түн).