ҚОРҚУ

lat: QORQÝ

Қорық етістігінің қимыл атауы.

1. Күдіктену, күмәндену, үрей пайда болу.

Жігіт, жігіт санала ма бұғып жүрсе тасаңда, Өз пікірі жоқ еркектен қорқу керек қашанда! (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Адамға келеді екен төрт-ақ дәуір, Жастықта екпіндеген қайтпас дауыл. Көңліңе құрттай қорқу, қайғы келмес, Көтерер қандай тұрмыс келсе де ауыр (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Әжеңнен сарқыт деген соң Екі сұлу сенеді. Жеген шақта бүйректі, Тұла бойы дір етті, Балқытты бүйрек денені. Қыздар күліп қуанып Көңіліне қорқу келмеді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Зәресі ұшу, үрейлену.

Әуелден адам баласы қорқу да үшін жаралған. Сондықтан жүрек қарашы, Кеудеге барып қамалған (М.Мақатаев, Шығ.).