ҚОРҚАУ

lat: QORQAÝ

з а т. 1. Малға шабатын ит тұқымдас жыртқыш аң.

Алғаш ақырып қалған аруана аздан соң өзіне қарсы жүріп келе жатқан жарық жұлдыз тәріздес қызылдыасылды оттардың дала қорқаулары көкжал қасқырлардың көздері екенін білді (С.Досанов, Қыран).

Олар бейне бір жарасын жалап, үңгіріне тығылған дала қорқауы тәріздес еді (Қ.Салғарин, Жаныңда жүр.).

2. а у ы с. Жауыз, залым, озбыр.

Сенің еліңнің әйелдері сұмпайы, еркектері нағыз қорқау, ал сен бәрінен де жексұрынсың (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда. Не бетімізді айтамыз Болашаққа, Жат қылықты қалдырмай апарғанда? (М.Мақатаев, Шығ.).

Терезе темірленді, темір есік, Қорғану қорқаулардан кәрі кәсіп. Бәлен жас жасаймыз деп жер бетінде, Қойғандай Құдаймен де уәделесіп (Т.Молдағалиев, Шақырады.).