ҚОРҚАУ

lat: QORQAÝ

зат. Жыртқыш, ашкөз қасқыр.

Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,

Ұзатқан-ды, жайлау да тарқаған-ды.

Ескі жұртты тіміксіп қорқау әлгі

Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды (2,19).

Сын есім мағынасында да қолданылады . Қызыңды сатып, қымызға мас боп жатыңдар,

Халықпысыңдар?!

Қазан аңдыған қатындар!

Қорқау қасқырдай бірісін-бірі талаған,

Бірісін-бірі тонаған, тозған пақырлар! (2,109).