ҚОРЫЛ

lat: QORYL

з а т. Ыңғайсыз жатқан немесе тыныс жүйесін май басқан адамның ұйықтаған кезде қор-қор етіп шығаратын тынысы.

Оның төзбейтін дыбысы қорыл болатын (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Құрым үйдіңішінде Нұрабектің қорылы, сыртта Нұрғалидың сақылдаған тістері ғана тиыштықты бұзып тұр (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).